Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.
Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.
Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді.
Қызанақ 'иммунитетті' де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.