Денсаулық үшін ликопин

Қызанақ жемісі жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro - алтын алма' дегеннен шыққан. Ал 'томат' атауы француздардың 'tomate' сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.

1811 жылы ботаникалық сөздікте 'томат - улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен, сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар соус дайындалады' деген хабар пайда болады.

Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.

Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады.

Дегенмен, үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн,бұл организмге зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтырады.