Жастар үшін қызанақ пайдалану

Әйел адамға пайдалы тағамдар Көптеген сырқат, аурудың алдын алатын әдістің бірі – дұрыс тамақтану. Бостон мамандарының зерттеу нәтижесі бойынша, әйел адамдарға пайдалы тағамдардың тізімі құрылды. Қызанақ. Әйел адамдар міндетті түрде қызанақ жеуі керек. Оның құрамында жүрек ауруы, кеуде ісігінің алдын алатын ликопин бар.

Қызанақтың құрамында серотонин, яғни бақыт гормоны бар. Осы гормон жеткілікті мөлшерде бөлінбеген жағдайда адам депрессиялық жағдайға тез түседі. Сондықтан қызанақ жүкті әйелдер үшін өте пайдалы. Қызанақ катарактаның алдын алады Егер қызанақты сүйіп жесеңіз, көзіңіз жастың ұлғаюымен пайда болатын катарактадан қорғалады. Өйткені қызанақтың құрамында В2, рибофлавин дәрумендері бар. Ал арнайы зерттеу жүргізген мамандар бұл дәрумендерді қолданатын адамдар көз ауруының осы түрінен зардап шекпейтіндеріне көз жеткізген.

Қызанақтың құрамында бето-каротиннің көп болуына байланысты қызанақты тағамдарды жиі қолданатындар көздерінің өткірлігімен мақтана алады. Күнделікті тағам ретінде қолданып жүрген қызанақтың пайдасы мол екенін енді біліп жүресіз.